Жаңалықтар

«Құқықтық көмек»: заңгерлер Мақат ауданында болды

ашық дереккөзі

«Құқықтық көмек»: заңгерлер Мақат ауданында болды

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Атырау облысының тұрғындарын қабылдау жұмысы жалғасуда. Мәселен, Мақат ауданында белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан бастаған бір топ заңгерлер жергілікті тұрғындарды қабылдады. Мәселен, 2017 жылы жеке шаруа қожалығының иесі Балтагүл Едігееваның 30 бас ұсақ малы ұрланыпты. «Кейін полицияның араласуымен күдікті анықталды. Алайда ұсталған жоқ. Арада бірнеше жыл өткен соң жалғыз бас сиырым ұрланды. Үйіме ұры түсіп, материалдық шығын келтірді. Оны кім өндіріп береді? Әлі күнге дейін тиісті органдардан мардымды жауап алған жоқпын», – деді ол. Өз кезегінде, Абзал Құспан бұл мәселе тереңірек зерттеп, толық сараптауды қажет ететіндігін атап өтті. Одан бөлек, аудандық прокурордың орынбасарына әр факті бойынша заң мен нормаларға сәйкес нақты жауап беруді ұсынды.