Бүгін - Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні
Бүгін - Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні
Бұл бастаманы 2011 жылы Алматы қалалық мәдениет, жастар саясаты басқармасы шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күні» деп енгізген болатын. Бұдан бөлек, қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қостап 15-сәуірді «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын.
Қалалық әкімшіліктің аталған құжатқа сәйкес сол жылы Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілген болатын. Атаулы күннің дәл осы мезгілге тұрақтануына, 13-14 ғасырлардағы "Қозы көрпеш Баян сұлу" эпосындағы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың махаббаты негіз болған. Қазақ әдебиетіндегі бұл эпос бойынша кинофильм түсіріліп, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің пьесасы сахнада қойылып жүр.
Түркістан-ақпарат