Жаңалықтар

«Құқықтық көмек»: Игі бастама Индер ауданында жалғасты

ашық дереккөзі

«Құқықтық көмек»: Игі бастама Индер ауданында жалғасты

«AMANAT» партиясы Атырау облысында іске қосқан «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр. Күні кеше белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан бастаған бір топ заңгерлер Индер ауданының азаматтарын қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.  Аудан тұрғындарын толғандырған мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік сипатқа ие. Оның ішінде, алимент төлемейтін азаматтардан зардап шегіп отырған тұрғындар да бар. Заңгерлер осы тектес мәселелерді жергілікті жерде шешуге тырысуда. Бұл ретте, Абзал Құспан қазіргі таңда елімізде «Жеке тұлғаны банкрот деп тану» туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын және жақын арада күшіне енетінін жеткізді.