«Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының алғашқы 40 үміткері анықталды

«Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының алғашқы 40 үміткері анықталды

«Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының алғашқы 40 үміткері анықталды
ашық дереккөзі
«Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасына мыңнан астам ақтөбелік өтініш білдірді. Оның 40-ы нақты үміткер атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат былтыр желтоқсан айында қабылданды. Талап бойынша еңбек өтілі, бала саны ескерілді. Сонымен бірге бір жыл ішінде Ақтөбеде тұрақты тіркеуде тұруы шарт. 18-35 жас аралығындағы жастарды баспанамен қамту үшін Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Отбасы банкі» 600 млн теңге көлемінде қаржы бөлді. «Биыл 9-13 қаңтар аралығында «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш берген үміткерлердің құжаттарын іріктеу жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия құрамына қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қозғалыстарының өкілдері, блогерлер және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері кірді. Бес күнге созылған комиссия отырысында қабылданған 1039 құжаттың барлығы дерлік қаралды. Комиссия отырысы Instagram әлеуметтік желісіндегі Jasaqtobe ресми аккаунтында тікелей өткізіліп, эфир сақталды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, үміткерлердің жалпы ұпайы саны бірдей болған жағдайда басымдық бала санына, содан кейін жинағына берілді. Еңбек өтілі үшінші қатарда. Егер де жалпы ұпайы тең үміткерлердің бала саны бірдей болса, жарна көлемі есептеледі. Ал бала саны мен жарна көлемі бірдей болса, еңбек өтілі мерзімнің ұзақтығы (айы, күні, жылы) ескеріледі. «Енді 40 үміткер 17-24 қаңтар аралығында төлем қабілетін растау үшін «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалына барады. Ал 12 үміткер резервте болады. Егер бастапқы 40 үміткердің кейбірі төлем қабілетін растай алмаса, кейінгілердің жолы ашылады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.