ШҚО-дағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы тоқтатылды

ШҚО-дағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы тоқтатылды

ШҚО-дағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы тоқтатылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін. «Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта. Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.