Сирияға байланысты келіссөздерге қатысатындар тізімі

Сирияға байланысты келіссөздерге қатысатындар тізімі

Сирияға байланысты келіссөздерге қатысатындар тізімі
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайға байланысты халықаралық келіссөздерге қатысатын тараптардың тізімін жариялады. Ведомство сайтындағы мәліметке сәйкес, келіссөздерге қатысатынын нақтылаған тараптар:
  1. Сирия Араб Республикасы үкіметінің өкілдері;
  2. Сирия оппозициясының өкілдері;
  3. Ресей Федерациясының өкілдері;
  4. Түркия Республикасының өкілдері;
  5. Иран Ислам Республикасының өкілдері;
  6. АҚШ өкілдері;
  7. БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы елшісі.
Айта кетейік, Сирия бойынша келіссөздер жабық режимде өтеді. «Қазақстан астанасы барлық аумақтар үшін бейтарап жер ретінде келіссөздер алаңы болып таңдалды. Келіссөздер «жабық есік» тәртібінде өтетінін ескере кеткен жөн», делінген хабарламада. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі келіссөздер қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы «Rixos President Astana» қонақ үйінде өтетінін нақтылап отыр. Халықаралық келіссөздер 23 қаңтарда Астана уақыт бойынша сағат 13:00-де басталады.