Жаңалықтар

Жоғары білім беруді цифрландырудағы басым бағыттар талқыланды

ашық дереккөзі

Жоғары білім беруді цифрландырудағы басым бағыттар талқыланды

13 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім беру әлеуетін дамыту» қысқы мектебі аясында форсайт-сессиясы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Университет ректоры Дархан Біләлов жоғары білім беруді цифрландырудағы басым бағыттарға тоқталып, саладағы мамандарды, болашақ педагогтерді және цифрлық технологияларды даярлауда атқарылатын міндеттерді атап өтті. Форсайт-сессияда Абай атындағы ҚазҰПУ қызметінің қандай аспектілерін цифрландыру, цифрлық технологияларды үлкен топтарда оқыту үшін тиімді құралға айналдыру, қолайлы цифрлық экоорта құру мәселелері талқыланды. Сессия кезінде қатысушылар топқа бөлініп, берілген тақырып бойынша мәселелерді анықтап, талдап, оларды шешу жолдарын ұсынды.