Жаңалықтар

Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

ашық дереккөзі

Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жиын «Бір дауыс, бір мақсат» ұранымен өтті. Президент сөзінің басында осы маңызды форумға шақырғаны үшін Премьер-министр Нарендра Модиге алғыс айтты. Сондай-ақ Үндістанды биыл «Үлкен жиырмалыққа» (G20) төрағалығының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстанда Үндістан төрағалығын Нью-Делидің жаһандық беделі мен ықпалының әлемдік қоғамдастық тарапынан лайықты мойындалғаны деп қарастыратынын атап өтті. Президент әлемде болып жатқан дағдарыстар орнықты дамуды қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі 2015 жылы келісілген шараларға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өзара диалог пен жаһандық деңгейдегі ортақ мүддені іздеу арқылы туындаған проблемаларды шешуге ниетті екенін растады.