Жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму саласының алдағы бағыты қандай

ашық дереккөзі

Ақпарат және қоғамдық даму саласының алдағы бағыты қандай

Ақпарат және қоғамдық даму саласының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды деп хабарлады turkystan.kz. Отырысқа Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, қоғам және мемлекет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері мен халықаралық ұйым басшылары қатысты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өткен жылдың негізгі қорытындылары туралы баяндама жасады. «Министрлік Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі стратегиялық бағыттар мен тапсырмаларды орындау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Нақтырақ айтқанда, Президенттің біздің министрлікке жүктеген 8 тапсырмасының 5-еуі орындалды, қалғандары іске асырылуда. Былтыр біздің сала бойынша 20 ауқымды іс-шара өтті. Оның 8-і әлемдік белді сарапшылардың, белгілі ғалымдар мен саясаткерлердің және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды», - деді Дархан Қыдырәлі. Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту – басты мақсаттың бірі. Президент тапсырмасына орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы дайындалды. Қазіргі уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленуде.