Франциялық танымал қақпашы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Франциялық танымал қақпашы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Франциялық танымал қақпашы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
ашық дереккөзі
Қақпашы Уго Льорис Франция құрамасындағы мансабын аяқтады деп хабарлады turkystan.kz. Сhampionat.com басылымының жазуынша, Франция құрамасының капитаны әрі қақпашысы, 36 жастағы У.Льорис бұл туралы L'Equipe басылымында мәлімдеді. Франция құрамасы сапында Льорис 145 матч өткізді, бұл –рекордтық көрсеткіш. Ал капитан ретінде командасын 121 ойында бастап шықты. Франция құрамасымен бірге У.Льорис 2018 жылғы әлем чемпионатының, 2021 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды. Ал Қатарда өткен соңғы дүниежүзілік додада күміс жүлдеге ие болды.