Жаңалықтар

Мәдениет министрі Асхат Оралов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

ашық дереккөзі

Мәдениет министрі Асхат Оралов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған  «Өткірдің жүзі»  атты кездесу өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шараға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, зиялы қауым өкілдері Олжас  Сүлейменов, Смағұл  Елубай, Төрегелді Шарманов, Бақытжан  Қанапиянов және ақын-жазушылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдері Асхат Ораловты Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. «Бүгін осындай кездесуде жаңа мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты қарсы аламыз. Мен бірінші Мәдениет министрі Ілияс Омаровтың көзін көрген адаммын. Ол біздің мәдениетіміз бен саясатымызда үлкен із қалдырған ұмытылмас тұлға.  Асхатжан да осы тұлғаның  жолымен жүріп,  халқымыздың жадында қалуына тілектеспін», - деді Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов.