Сенат депутатының өкілеттігі тоқтатылды

13 қаңтар, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Сенат депутатының өкілеттігі тоқтатылды Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды деп хабарлады turkystan.kz. Андрей Иванович Лукин 1961 жылы Целиноград қаласында туған. 1978-1983 жж. Целиноград инженерлік-құрылыс институты. Инженер- құрылысшы; 1988-1993 жж. Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті. Заңгер-құқықтанушы мамандықтарын игерген. Еңбек өтілі: Сайланбалы қызметтері, депутаттық қызметі: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (12.08.2019 ж. бастап), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (02.09.2019 ж. бастап).