«Әлі есін жиған жоқ»: маңғыстаулық екі азаматтың жағдайы ауыр

«Әлі есін жиған жоқ»: маңғыстаулық екі азаматтың жағдайы ауыр

«Әлі есін жиған жоқ»: маңғыстаулық екі азаматтың жағдайы ауыр
ашық дереккөзі
Ақтаудағы техникалық қызмет көрсету орталығында болған өрттен зардап шеккен 3 адамның екеуінің жағдайы өте ауыр деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі уақытта зардап шеккен екі азамат өте ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Екі науқасқа да өкпені жасанды желдету құрылғысы қосылған. 35 және 19 жастағы қос азаматтың да тыныс алу жолдары, беті, мойыны, аяқтың жоғары және төменгі бөліктері, арқасы терең күйген. Әлі есін жиған жоқ», – деді Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана мамандары.
1972 жылы туған үшінші науқастың жағдайы тұрақты, беті мен аяқ-қолдарының жоғарғы бөлігі күйіп қалған. Қазіргі таңда бөлімшеде ем алып жатыр.