Азық-түлік бағасының қымбаттауы: Ұлттық банк жауап берді
Азық-түлік бағасының қымбаттауы: Ұлттық банк жауап берді
ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов азық-түлік бағасының өсуіне не себеп болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізген кезде инфляцияны қадағалау үшін сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысады.
«Әрине, ұсыныс өсіп жатқан сұранысты дер кезінде қамтамасыз ете алмайтын болса, онда баға өседі. Сондықтан базалық мөлшерлемені көтеру арқылы халықтың артық сұранысын шектеуге болады. Сұраныс көбірек өсе берсе, ұсыныс дер кезінде қамтамасыз етілмесе, баға өседі», - деді Ұлттық банк төрағасы.