Әлемдегі ең қауіпті тыңшы қыз бостандыққа шықты
Әлемдегі ең қауіпті тыңшы қыз бостандыққа шықты
Қырғиқабақ соғыс кезінде 17 жыл бойы Кубаға АҚШ-тың барлау қызметінің аса құпия құжаттарын беріп отырған, тарихтағы ең қауіпті тыңшылардың бірі ретінде танылған Ана Монтес бостандыққа шықты.
Ана Монтестің тарихы туралы кітап жазған журналист Джим Попкин ол туралы деректерді айтып берді. Журналист деректерді алу үшін Ананың достарымен, туыстарымен, жақындарымен сөйлескен.
Журналист Попкин кітапханадан Ананың есте сақтау қабілетін дамытуға қатысты алған кітаптарын тапқан. Тыңшы кез келген құжатты өзімен алмаған, тек есінде сақтап, жаттап алған.
Попкин Ананың өте сақ болғанын айтады. Себебі АҚШ барлау қызметінде істейтін оның туыстарының бірі Ананың кубалықтармен жұмыс істейтін тыңшы екенін тек ұсталған кезде ғана білген.
Ең қауіпті тыңшы нақты немен айналысқан?
Ана Монтес АҚШ-тың Куба, Қытай, Иран, Ресей туралы ақпарат жинау үшін арнайы жасалған «Мисти» спутник жүйесінің кодын бұзған. Журналистің айтуынша, ол толық ақпаратты білмейді. Дегенмен Монтес берген ақпараттарды Куба Ресейге беріп отырған деген ойды айтады.