АҚШ-та «Алма-Ата» кафесін ашқан Аят

АҚШ-та «Алма-Ата» кафесін ашқан Аят

АҚШ-та «Алма-Ата» кафесін ашқан Аят
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерден АҚШ-тың Техас штатына қарасты Хьюстон қаласында ашылған «Алма Ата» кафесі туралы жарнама­ларды жиі көзіміз шалады. АҚШ-та тұратын қазақ­тар «Америкада қазақша етті қайдан жеуге болады?» деп сұрағандарға осы кафенің мекенжайын жіберіп, онда әзірленетін дәс­түрлі тағамдардың дәмі тіл үйіретінін жарыса жазады. Кафе қожайыны Аят Иляхунов сұра­ныс көптігінен екінші кафе ашқалы жүргенін айта­ды. Кафе жұмысынан бөлек, 1996 жылы Атлантада өткен Жазғы олимпиада ойын­дарының чемпионы, ел ішінде Балқаш жол­барысы атанған Василий Жиров екеуі кезінде бірігіп ашқан залда жас спортшыларды боксқа баулып жүр. Америкада тұрып жатқа­нына жиырма бес жыл болса да, Алматыға де­ген сағынышы ерек Аятқа хабарласып, сұх­баттасқан едік. – Америкада бокстан жаттық­тыру­шы, менеджер қызметін же­місті атқарып жүрген сіздің мұн­да «Алма Ата» кафесін ашуы­ңыз­ға не түрткі болды? – Өзім Алматының тумасымын. Ұл­тым – ұйғыр. Қазақстанда тұрған­да ел намысын қорғап, біраз жарыста топ жардым. Кейін ушу саньда фе­де­ра­циясына жетекшілік еттім. Сол спорт саласы бойынша 1998 жылы Аме­­­риканың Хьюстон қаласына көш­тім. Жұмыс визасын алу үшін он­да әлдебір кәсіп ашу керек болды. Сол үшін алғашында East, сосын «Русский медведь» деген атпен кафе аштым. Байқап қарасам, айналамызда орыс, түрік, өзбек, украин мейрамха­на­лары бар. Ол жерде ол ұлттардың ұлт­тық тағамдары ғана емес, мәде­ние­ті де насихатталатыны белгілі. Ал біз­дікін дәріптейтін ондай орындар жоқ. Сонда өз Отанымды насихаттау ке­рек екенін жете түсіндім. Ойлана ке­ле «Неге туып-өскен жерім Ал­ма­ты­ның атауымен кафе ашпасқа?» д­е­ген ой келді. Сонда өсіп-өндім, жақ­сылық деуге келетін барлық дү­ниені сол жерден алдым. Менде Алматы туралы тек жақсы естеліктер қал­ды. Оның үстіне, ол уақытта Ал­ма­тыны сағынып жүрген едім. Нос­та­льгия үлкен рөл ойнайды ғой. Сөй­тіп, былтыр мамыр айынан бас­тап біздің тағамдардың дәмін татып көр­гісі келетіндерге есігімізді айқара аш­тық.  width=– Кафе атауын неге «Алма Ата» деп жазуды жөн көрдіңіз? Неге Ал­маты емес? – Бәлкім, «Алматы» деген дұрыс шы­ғар, бірақ менің естеліктерім «Ал­ма-Ата» атауымен байланысты. Ме­нің замандастарыма да бұл атау – өте ыс­тық. Менің, тіпті көлігімде де «Ал­ма-Ата» деп жазылып тұр. Айта ке­тейін, көпшілік үнемі айтатындай, бұл атауды орысша айтуға ыңғайлы бол­ғандықтан таңдаған жоқпын. «Ал­ма-Ата» сөзін оқыған адам қазақ­ша екенін бірден ұғады. Алманың атасы – Алматы қаласы. Әйгілі апор­ты­мен танылған бұл қаланы көп­ші­лік алманың отаны деп санайды. Сон­дықтан кафеге атау берер кезде Ал­матыда мен тұрған уақытпен бай­ланысты атауды қалдырғанды жөн көр­дім. Шынымды айтайын, интер­нет­тен «Алматы» сөзінің мағынасын із­деп көрдім. Бірақ таба алмадым. Айт­пақшы, кафенің төбесіне ілетін тақ­тайшаны жасайтын мамандарға де­фиспен жазып берген едім, бірақ олар мені дұрыс түсінбепті. Ақырын­да тақтайшаға дефиссіз жазылды. Ис­пан тілінде алма «жан» деген ма­ғы­наны білдіреді екен. Ата деген сөз­дің тағы бір мағынасы бар. Тақ­тай­шаны дайындаған әлгі мамандар ис­пан тіліндегі сөз деп ойлап қалса ке­рек. Сосын оларға бұл Қазақстан­ның бұрынғы астанасы екенін ай­тып, қаланың тарихын түсіндіргенім бар. Жалпы, «Алма-Ата» деген атау мұн­да ешкімді бейжай қалдырмайды. Ка­фенің қасынан өтіп бара жатқан қа­зақстандықтар ол жазуды көргенде елең ете түсетінін айтады. Олар «Ба­сын­да жазуды көргенде өз көзімізге өзі­міз сенбедік. Өтіп кетіп, қайта кел­дік» дейді. Бізде көбіне жарнама ар­қылы біліп, басқа штаттан арнайы осын­да келетіндердің қатары кө­бейіп келеді. «Біз осындай күні сол өңірде боламыз. Міндетті түрде со­ғамыз» деп хабарласады. Елден жы­рақ бөтен елде жүргенде жаныңа жа­қын, жүрегіңе ыстық атрибуттарды көр­генде назарыңды тартпай қой­май­ды ғой.  width=– Ас мәзірінде қандай тамақ­тар бар? Америкалықтар қай та­мақ­қа көп тапсырыс береді? – Мәзірде қазақша ет, палау, ман­ты, лағман, орама және тағы басқа та­ғамдар бар. Бізде чебурек тағамы өте «танымал». Бұған өте көп тапсы­рыс береді. Айтпақшы, қазақша етті келу­­­­шілердің тапсырысы бойынша әзір­леймін. Олар «Біз қазақша ет же­гіміз келеді» деп алдын ала хабар­ла­са­­ды. Келушілер келеді-ау деген уа­қыт­қа шақтап дайындап қоямын. Өзіңіз білетіндей, қазақша етті басқа та­ғамдар секілді қысқа толқынды пеш­ке ысытып бере алмайсың. Тіпті, оны келушілер келгенше тоңа­зыт­қыш­та сақтаудың өзі бір күнә секілді. Оның жаңа әзірленген, пештен енді түс­кені сезіліп тұруға тиіс. Жалпы, қа­зақ­ша ет әзірлеудің машақаты көп. Ет төрт сағаттай қайнауы керек. Сон­дық­тан бәріне «Ертерек тапсырыс беріңіз­дер» деп айтамын. Қазақша етті тек Америкадағы қазақтар емес, аме­рикалықтар да сүйсіне жейді. Олар үшін бұл – экзотика. «Бұл қан­дай тағам?», «Бұл неден жасалған?» деп қызығушылық танытып, құра­мын сұрайды. Кейбірі, тіпті Қазақ­стан туралы ештеңе білмейді. Қазақ­стан­дағы ұлттық тағамдар екенін айт­саң, «Не дейсіз? Пәкістан дейсіз бе? Ауғанстан ба?» дейді. Сосын Қа­зақ­станның тарихы, орналасқан же­рі туралы әңгімелеп «Солай. Міне, қазір мәдениетіміз дамып жатыр. Міне, өз тағамымыз» деп түйіндеймін. Ен­ді біреулері «Бұл тағам жылқы еті­нен дайындалған дейсіз бе? Қалай­ша?» деп таңырқайды. Оларға жылқы етінің Қазақстанда кеңінен танымал екенін, оның денсаулыққа пайдасын, хо­лес­терин жоқ екенін, әсіресе спор­т­шы­ларға күш пен қуат беретінін айта­мын. – Жылқы демекші, «Амери­ка­да жылқыны союға рұқсат алу ке­рек» дегенді жиі естиміз. Ал сіз ол етті қайдан сатып аласыз? – Бұл – бос әңгіме. Жылқы етін бас­қа елден Америкаға алып келуге рұқ­сат етілмейді. Бірақ «Жылқы етін жеу­ге тыйым салынады» деген ешбір заң жоқ. Дегенмен жыл­­қыны үй жағдайында союға бол­май­ды. Ет комбинатында немесе бұ­­­­дан бизнес жасайтын кәсіпкерлер даяр­­лап қойған арнайы орын­дар­да сою­ға рұқсат етіледі. Рас, ол орын­дар­ды тауып, үй­ге дейін жеткізу оңай емес. Бірақ мұндағы жыл­қы Қа­зақ­стан­дағы­дай жыл­қы емес. Қазы­сы да сон­дай. Жуырда маған ел­ден қазы алып келді. Оны асып же­ген соң осын­­­да жасалатын қа­зы­ның дәмін көр­дім. Екеуі­нің дәмі жер мен көк­­тей. Қа­зақстаннан кел­ген қазы – мүлде бө­лек тағам. Мұн­­­да­ғымен тіпті са­лыс­тыру­ға келмейді. – Тағамдарды өзіңіз дайын­дай­­сыз ба? Әлде аспазыңыз бар ма? – Өзім әзірлеймін. Ас әзірлеуді анам­нан үйренгенмін. Негізі, кафе ашу, ас әзірлеу ісін марқұм анамның құр­меті үшін қолға алдым. Бұл әлем­де анаң әзірлеген тамақтың дәміне еш­теңе жетпейді. Кімнен сұрасаңыз да, осылай айтатынына бек сенімді­мін. Бала күнімнен ересек кезіме дейін анам алдыма қойған дәмді та­ғам­дардың рецептісін жақсы біле­тін­мін. Кейін өзім де сол рецептімен, анам­ның айтып кеткен ақыл-кеңесі бойынша тағам әзірлей бастадым. Мұ­ның арты үлкен кәсіпке ұласты. Мен әзірлеген тағамдар бәріне ұнап жат­қан секілді. Қасымда Мәскеуден келген, ұлты татар көмекшім, сосын ыдыс-аяқ жуатын және даяшы қыз­метін атқаратын екі қызметкерім бар. Төртеуіміз ғана жұмыс істейміз. – Видеодан кафе ішінде Ал­ма­ты бейнеленген картиналар ілулі тұр­ғанын байқадық. – Иә, Алматыда тұратын, фото­биз­­неспен айналысатын кенже ініме өті­ніш айтқан едім, ол Медеу, «Қазақ­стан» қонақүйі мен «Алтын адамның» портреттерін беріп жіберіпті. Ұлттық киім киген екі қуыршақ бар. Сосын қабырғада кішкене киіз үй ілулі тұр. Негізі, елден шағын киіз үй алып кел­генмін. Ішіне балалар кіріп ойнай алады. Бірақ ол үшін кафедегі біраз зат­ты шығарып, орын босату керек бо­лып тұр. «Қай бұрышқа тіксем бо­ла­ды?» деп ойланып жүрмін. Жуырда ор­натамын. Олардың бәрін алып келгендегі себеп – осында Отанмен бай­ланысты әлдебір заттың болға­нын қалаймын. Сіздер Қазақстанда бай­қамай, онша зер салмай өтіп ке­те­тін заттар мұнда біз үшін бағалы са­налады. Біз үшін – қымбат. Мұнда жер­лестерімді көрудің өзі – мен үшін баға жетпес сәт. Мұндағы қазақ­стан­дықтар бір-бірін қатты құрметтейді, үне­мі қолдау білдіреді. Бөліну жоқ. Ала­бөтен көзқарас жоқ. Арам пиғыл де­ген жоқ. Көмегін аямайды. Бәлкім, са­ны аз болғандықтан шығар. – Қазақстандық боксшыларға да көмегіңіз көп тиіп жатыр екен. – Иә, қазір Дарын деген балаға ви­за әзірлеп жатырмыз. «Балқаш жол­барысы» атанған әйгілі боксшы Васи­лий Жиров екеуіміз кезінде Хьюс­тоннан зал ашқан едік. Кезінде Қа­­зақстаннан Америкаға келген ар­найы түсірілім тобы біз туралы бағ­дарлама әзірлеген болатын. Василий екеуі­міз 1990 жылы танысып, кейін жа­қын араластық. Америкаға кел­ген­де де үнемі бірге жүрдік, спорт­шы­лар­ға көп көмектестік. Екеуіміз көп жыл бойы Қазақстан, Өзбекстан, Да­ғыстан, Қырғыз Республикасы, жал­пы айтқанда, ТМД елдерінен осын­да өзін мықты екенін дәлелдеуге кел­ген жастарды жаттықтырып келе­міз. Түрлі жарысқа апарамыз.  width=– Жаңа жылда қандай жаңа бас­­­­тамаларды қолға алмақсыз? – Бұйырса, тағы бір кафе ашпақ­пын. Хьюстонның солтүстігінде қа­зақ көп шоғырланған Вудланд деген ау­дан бар. Онда тұратындар «Біз жақ­тан ашыңызшы. Сіздерге дейін бір сағат жүріп барамыз. Алыс» деп қол­қалап жүр. Осы жерді реттеп ал­ған соң сол маңайдан кафе ашу ісін қол­ға алмақпын. Сосын спорт әле­мін­де көмекке мұқтаж жандарға бұ­рын­ғыдан бетер көмектескім келе­ді. Жоғарыда айтқанымдай, біз спорт­та жолы болмай, қаражаттың жо­ғынан қиналып жүргендерге бас­пана тауып беріп, тамақтандыру, жат­тықтыру жағынан да көмекте­се­міз. Олар көбіне біздің кафеден та­мақ­танады. Ешкімнен кем емес еке­нін дәлелдегісі келетін олар осында рухын көтеріп, шеберлігін арттырып алса екен дейміз. Аз уақыт ішінде сол көп­тің арасынан кемі біреуі шығып, әлем­дік аренада топ жарады деп се­не­мін. – Екінші кафеге қандай атау бере­сіз? Астана, әлде? – Алматыдағы екі теміржол вок­за­­лы секілді бірінші кафені Алма-Ата-1, екіншісін Алма-Ата-2 деп атай­­мын. Бәрі Қазақстандағыдай бо­ла­ды. Ештеңе өзгертпеймін (күліп). – Америкаға көшкеніңізге ши­­рек ғасыр уақыт болсаңыз да, Ал­матыға деген сағынышыңыз әлі сарқыла қоймапты. Соңғы рет Алматыға қашан келген еді­ңіз? – 2018 жылы бардым. Сол кезде спорт­шыларды жарысқа апарған­мын. Шынымды айтсам, мен ешқа­шан өзімді америкалық ретінде се­зін­ген емеспін. Осында жүргеніме жиыр­ма бес жыл болды. Тілді де бі­ле­мін. Мәдениетінен де хабарым бар. Бәрін білемін. Бірақ ойымда мен – қа­зақстандықпын, соның ішінде ал­матылықпын. Мен мұны түсіндіре ал­маймын. Бәлкім, бұл жас ұлғайған сайын болатын сезім шығар. Мүмкін, өмі­рімдегі ең жарқын сәттерім сол қа­лада өткеннен болар. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ