«Лимон олигархы» Сарыағашта тұрады
«Лимон олигархы» Сарыағашта тұрады
Жақында әлеуметтік желіде лимон теріп жүрген адамдардың бейнежазбасы тарап, көптің қызығушылығын тудырды. Көбі «Бұл Қазақстан емес. Біздің топыраққа лимон өспейді» деп сенбеген еді. Расында, бұл «Лимон олигархы» атанған Манатәлі Таңсықбаевтың жылыжайы болатын. Цитрусты жемісті Сарыағаш топырағына жерсіндірген диқан бүгінде отандық өндірісті дамытуға үлесін қосып отыр.
Отыз алты жасыма дейін қолыма күрек ұстамадым
Көлік жүргізушісі болып жұмыс істеп, отыз алты жасына дейін қолына күрек ұстап көрмеген кейіпкеріміз жылыжай салу ісін 2008 жылы қолға алған. Басында түрлі жағдай болып, тығырыққа тірелген ол отбасымды асыраудың жолы осы деп біледі. Сөйтіп, тәуекелге бел байлап, үйінің жанынан жылыжай салады. Бастапқыда қияр, қызанақ егіп, кәсібін дөңгелетсе, кейін бұл өнімдерге бәсекелестік артқан. Оның үстіне, зиянкестермен күрес қиындап кеткен соң ойлана келе, 60 сотық жерге лимонның «Мейр» деп аталатын сортын егеді. лимонның суға қаныққан үлкен ағаштары 200 келіге дейін, ал орташа ағаштар 100 келіден өнім беріп отыр. Жалпы, жылыжайдан 60-70 тонна лимон жиналады екен. «Үлкен ағаштарымның өнімін 300-400 келіге жеткізсем деп отырмын», – дейді ол. Әрине, ол үшін жылыжайдың күтіміне мән беру керек. Мәселен, қазір далада қақаған қыс болса, жылыжайдың іші +5 градус жылы. Лимон өсіп тұр. Иісі қандай керемет десеңізші! Бағбанның айтуынша, лимон ағашы төрт рет гүлдейді. Әсіресе, бірінші және екінші гүлдеген кездегі жұпар иісі мұрынды жарады. Сол кезде лимон ағашының қасына келіп, екі-үш сағат отыратындар бар. Бұл әдіс қан қысымының тұрақталуына әсер етеді екен. Бұдан бөлек, қан қысымы жоғары адамдар лимон жапырағын шай ретінде демдеп ішіп жатады. Диқан лимон ағашы жылыжайда өсетін басқа да көкөніс дақылдары сияқты жылуды аса қажет етпейтінін айтады. Бес градус жылы болса жеткілікті. Тек бұтақтарын уақытында кесіп, суарып отыру қажет. Топырағын жылына екі рет қопсытып отырады. Тағы бір маңызды дүние бар: лимон ағашы гүлдегенде гүлін сақтап қалу керек. Оның аппақ гүлдерін төгіп алсаң, біржылдық еңбегім еш кетті дей бер. Сол үшін әрбір ағаштың күтіміне көңіл бөлу маңызды. Жылыжай қазір агрономдардың бақылауында. Өнімнің сапасына келер болсақ, тұтынушыларға отандық өнім мен импорттық өнімді ажырату қиын емес. Дәмін көрген жұрт мұны бірден байқайды екен.Отандық ғалым ойлап тапқан тыңайтқыштың игілігін көріп отырмыз
«Тұтынушылар сіздер өсіретін лимонның дәмі басқа деп айтып жатады. Қазір мүлде химикат қоспаймыз. меңгергісі келетін диқандар көбейіп жатқанын айтады. «Қазір мені лимоншылардың бәрі таниды. Шамам келгенше үйретемін. Әр өңірден шақырып тұрады. Барып көмектесемін, лимон өсірудің қыр-сырын, бұтағын қалай кесу керек екенін үйретемін. Алдымен 5-10 сотық жерден бастауға болады. Әркімнің үйінің алдынан осындай жер табылатыны анық. Бірінші жылы өнім болмайтыны белгілі. Сондықтан қарап отырмай, арасына құлпынай егуге болады. Ең бастысы, бойы лимоннан қатты өсіп кетпейтін көкөніс егу қажет. Мысалы, 5 сотық жерге 50 ағаш егіледі. Алғашқы жылдары өнім бермегенмен, кейін әр ағаштан кемінде 100 келі өнім жинауға болады. Сонда осы жердің өзінен жақсы өнім ала аласыз. Өзім лимоннан бөлек, 25 сотық жылыжайыма пияз, бұрыш егемін. Енді лимон піскенше қарап отырмаймын ғой. Бала-шағаны асырауымыз керек. Қазір бұл отбасылық кәсіпке айналды. Інімнің балалары көмектесіп тұрады, өзімнің балаларым бар. Күзде терім басталғанда үлгермей қаламыз. Сол кезде ауылдан 10-15 жұмысшы аламын», – дейді шаруа.Сарыағаш пен Шымкентте көмір тапшылығы болып жатыр
Өнім жинау науқанын жақында ғана аяқтаған шаруа биыл лимон бағасы арзандағанын айтады. Өйткені импорттық өнім көбейген. Дәлірек айтсақ, ішкі нарықты Өзбекстан, Тәжікстаннан әкелінген өнім толтырып жатыр. Ал қаржыдан қысылған жұрт көбіне сапасынан гөрі бағасына қызығып, арзанына қарай жүгіреді. «Қазір базарда жан-жақтан келген импорттық өнім қаптады. Бұл бізге тиімсіз болып тұр. Аргентина, Түркия, Қытай, Тәжікстан мен Өзбекстаннан елімізге жыл сайын шамамен 150 мың тоннадан астам цитрустық өнім әкелінеді. Енді олар қаншама қаражатты алып кетіп жатқанын есептей беріңіз. Өзіміздің диқандарға қолдау көрсетіп, сол қаражатты өзімізге қалдырсақ, отандық өндіріс дамып, шетелдік өнімге тәуелділік азаятын еді. Өкінішке қарай, қазір бірқатар мәселемен бетпе-бет келіп отырмыз. Сарыағаш, Шымкентте көмір тапшылығы болып жатыр. Үкіметтен көмек болса дейміз. Алдағы 18-20 градус суықта не істейтінімді білмеймін. Он жылдық еңбегім зая кетейін деп тұр», – дейді Манатәлі Таңсықбаев.