Кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашқандардың видеосы тарады
Кәмелет жасқа толмаған қызды алып қашқандардың видеосы тарады
Маңғыстауда «кәмелет жасқа толмаған қызымды алып қашты» деген ананың жанайқайы айтылған видео тарады деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 6 қаңтарда болған. Анасының айтуынша, 4 ер адам қызын көлікке еркінен тыс күштеп салып, алып кеткен. Сол сәт бейнебақылау камералардың біріне түсіп қалған.
Полицияға арыз жазып, іс қозғатқан. Алайда Маңғыстау облыстық прокуратура істі жауып тастаған. Істе қылмыстық құрам жоқ деп түсініктеме берген. Ал анасы таратқан видеода қылмыстық құрамның болғанын анық байқауға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=JlZN5vcGF7w