Қырғыз Республикасы шетелдіктерге ұзақ мерзімге виза ұсынады

Қырғыз Республикасы шетелдіктерге ұзақ мерзімге виза ұсынады

Қырғыз Республикасы шетелдіктерге ұзақ мерзімге виза ұсынады
ашық дереккөзі
Шетелдік азаматтарға немесе азаматтығы жоқ адамдарға Қырғызстан экономикасына салынған инвестициялары үшін ұзақмерзімді визалар берілетін болады деп хабарлады  turkystan.kz қырғыз елінің Жогорку Кенеш сайтына сілтеме жасап. Қырғызстан Республикасының «Сыртқы көші-қон туралы» Заңына тиісті өзгерістер ел парламентінің үш оқылымында қабылданды. Түзетулер Қырғызстанға кемінде 20 миллион сом (230 мың АҚШ доллары) инвестиция салған шетелдік инвесторларға 10 жыл мерзімге және ел экономикасына кем дегенде 10 млн сом (115 мың АҚШ доллары) үлес қосқандарға бес жылдық виза беруді қарастырады. Осы уақытқа дейін 10 миллион сомнан артық инвестиция салған азаматтығы жоқ адамдар немесе шетелдік азаматтар үш жыл мерзімге инвестициялық виза алып келген.