Теміртауда 60-қа жуық үй жарықсыз қалды

Теміртауда 60-қа жуық үй жарықсыз қалды

Теміртауда 60-қа жуық үй жарықсыз қалды
ашық дереккөзі
Теміртауда қаланың электр желілерінде қорғаныс жүйесі іске қосылып, тоқ беру тоқтатылды. Оқиға салдарынан 58 тұрғын үй жарықсыз қалды, - деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, электр қуатын беру 12 қаңтарда сағат 19:48-де тоқтаған. Авариялық ажырату орын алып, әлеуметтік қала аумағындағы желілер істен шыққан. Болжам бойынша, апатқа шамадан тыс жүктеме себеп болған. Соңғы 2 күнде Қарағанды облысында ауа температурасы -35-39 градусқа дейін төмендеді. Әдетте, қатты аязда тұрғындар электр жылытқыштарын пайдаланады. «Оқжетпес-Т» ЖШС апаттық бригадасы жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Сағат 23:00-дегі жағдай бойынша 58 үй электр қуатынсыз қалып отыр. Төтенше жағдайлар бригадалары жұмыс істеп жатыр. Бір сағат ішінде электрмен жабдықтау қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Теміртау әкімдігінің баспасөз қызметі.