«Тур Даун Андер» веложарысына қатысатын қазақстандық велоспортшылар белгілі болды

12 қаңтар, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
«Тур Даун Андер» веложарысына қатысатын қазақстандық велоспортшылар белгілі болды Қазақстанның «Astana Qazaqstan Team» велокомандасы «Тур Даун Андер» көпкүндік жарысына қатысатын құрамын жариялады, - деп хабарлады turkystan.kz. Аталған бәсеке 17-22 қаңтар аралығында Австралияда өтеді. Жарыс барысында қазақстандық команда Дмитрий Груздев (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Джанни Москон, Луис Леон Санчес (Испания), Фабио Феллине (Италия), Мартин Лаас (Эстония), Леонардо Бассо (Италия) сынды велошабандоздар бағын сынайды.