Ұлыбританияда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші ереуілге шықпақ

Ұлыбританияда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші ереуілге шықпақ

Ұлыбританияда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші ереуілге шықпақ
ашық дереккөзі
Ұлыбританияның 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметшісі 1 ақпанға жоспарланған ереуілге қатысады, - деп хабарлады turkystan.kz. «Мемлекеттік және коммерциялық қызметтер одағының Ұлттық атқару комитеті (Public and Commercial Services Union, PCS) 1 ақпанда ұйымның барлық мүшесі үшін біркүндік ереуіл жариялауға келісімін берді. Былтыр дауыс беру кезінде ереуіл өткізу үшін ұйымның 50%-дан астам мүшесі дауыс берген еді», - делінген Ұлыбритания мемлекеттік қызметшілерінің мүддесін қорғайтын кәсіподақ хабарламасында. Бұл британдық мемлекеттік қызметшілердің соңғы жылдарғы ең ірі бой көрсетуі болмақ. Оған елдің түкпір-түкпіріндегі 124 мемлекеттік органның қызметшілері, соның ішінде министрлер кабинеті, ішкі істер, көлік, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрліктерінің қызметкерлері қатысады. Айта кетейік, қазір Ұлыбританияда теміржолшылар, автобус жүргізушілері, медбикелер мен жедел жәрдем қызметкерлері жалақыны арттыруды және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ауқымды наразылық акциясын өткізуде.