Жаңалықтар

Үздік ондық: 2022 жылы қазақстандықтар ең көп сатып алған кітаптар

ашық дереккөзі

Үздік ондық: 2022 жылы қазақстандықтар ең көп сатып алған кітаптар

«Меломан» дүкендер желісінің сайты жанрлар бойынша 2022 жылдың үздік кітаптарын жариялады деп хабарлады turkystan.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. «Меломан» оқырмандарының нон-фикшндарды таңдауы келесідей: Жолдыбайұлы Қ.: Kemel adam/Кемел адам Кунаев Д.: О моем времени. От Сталина до Горбачева Примаченко О. В.: С тобой я дома. Книга о том, как любить друг друга, оставаясь верными себе Орманбаева Д.: Ты не ушибся, сынок? Лабковский М.: Люблю и понимаю Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды Дюсембина Г. Ж.: Казахский язык? Легко! Самоучитель в 9-ти простых правилах Момышұлы Бауыржан: Психология войны Шустер Т.: Купи себе эти чертовы лилии. И другие целительные ритуалы для настройки своей жизни Мэнсон М.: Дневник пофигиста: Тонкое искусство пофигизма на практике «Меломанның» 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық баспалардан шыққан үздік 10 кітап төмендегідей: Жолдыбайұлы Қ.: Kemel adam/Кемел адам Кунаев Д.: О моем времени. От Сталина до Горбачева/Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды Орманбаева Д.: Ты не ушибся, сынок? Дюсембина Г. Ж.: Казахский язык? Легко! Самоучитель в 9-ти простых правилах Момышұлы Бауыржан: Психология войны/Момышұлы Бауыржан: Соғыс психологиясы Хей Л.: Әйел даналығы. Бақытты өмір сүру нұсқаулығы Мұсабеков М.: Алтын Адам Үйренуге оңай қазақ тілі. Бастапқы деңгей Болат Д.: Өмірге шексіз ғашық Асемкулов Т., Наурзбаева З.: Субъект(-ив)ная казахская культура Байқағандарыңыздай, екі рейтинг бойынша “Кемел адам” кітабы көш бастап тұр. Автор Қайрат Жолдыбайұлы бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады. Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән сау- лығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.