Қазақстанда Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды

Қазақстанда Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды

Қазақстанда Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда Спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Былтыр біз Digital Nomads қауымдастығын жинағанымыз естеріңізде болар. Осы уақыт ішінде Digital Nomads өкілдерімен бірігіп қазақстандық оқушылар мен студенттерге арнап, тұрақты дәрістерді ұйымдастырдық. Сондай-ақ спорттық бағдарламалауды қолдау бойынша жұмыстар жүргіздік. Мен елімізде өзіміздің Спорттық бағдарламалау федерациясының құрылғанын қуана хабарлағым келіп отыр, ал маған оған жетекшілік ету мәртебесі бұйырды» деп жазды ол.
Сондай-ақ ол спорттық бағдарламалаудың әлеуеті зор интеллектуалды спорт түрі екенін еске салады.
«Мұнда жасөспірімдер математикалық алгоритмдік есептерді бағдарламалау тілдерін қолдана отырып шешеді. Қазақстандық оқушылар мен студенттер IOI және ICPC сияқты халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Федерацияны құра отырып, біз халық арасында спорттық бағдарламалауды дамыту мен насихаттау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ осы бағытта түрлі жарыстарға қатысатын жастарымыздың нәтижелерін одан әрі жақсартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, Федерация ұлттық және халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады, білім беру мекемелерінде экожүйені дамытады және спорттық бағдарламашыларды даярлау әдістемесін әзірлейді», - дейді Бағдат Мусин.