Башар Асад: Сириялықтардың өмірін сақтап қалу маңызды

Башар Асад: Сириялықтардың өмірін сақтап қалу маңызды

Башар Асад: Сириялықтардың өмірін сақтап қалу маңызды
ашық дереккөзі
Сирия президенті Башар Асад оппозиция өкілдерімен 23 қаңтарда өтетін кездесу барысында Сирияда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу мәселесі қозғалмайтынын айтты. Бұл туралы ол Жапонияның TBS арнасына берген сұхбатына сілтеме жасап 24.kz мәлімдеді. Асадтың айтуынша, оппозициямен бейбіт келіссөз жүргізу кезінде талқыға түсетін ең бірінші мәселе – Сирия жеріндегі соғыс қимылдарын доғару. Бұл сириялықтардың өмірін сақтап қалу үшін өте маңызды. Б.Асад президенттің отставкаға кетуі мен оны сайлау мәселесі қозғалмайтынын атап айтты. Себебі бұл конституциямен байланысты мәселе және талқылауға Сирияның әрбір азаматының қатысуын талап етеді. Сондай-ақ Сирияда өтпелі үкімет құрылмайды. Өйткені конституцияда мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. Естеріңізге сала кетсек, Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдерінің бейбіт келіссөзі 23 ақпан күні еліміздің бас қаласында өтеді.