«Тұран» футбол клубының директоры тағайындалды

«Тұран» футбол клубының директоры тағайындалды

«Тұран» футбол клубының директоры тағайындалды
ашық дереккөзі
Түркістан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Әлібек Нұртаев «Тұран» футбол клубының директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Әлібек Нұрбайұлы 1982 жылы 25 мамырда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында туған. 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2021 жылы Шымкент университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Туризм және спорт басқармасының бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорт бөлімінің жетекші маманы, басқарма басшысының орынбасары, Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры қызметтерін атқарған. 2022 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры лауазымында болды.