«АMANAТ» партиясының комитетінде жүк тасымалдау мәселесі талқыланды
«АMANAТ» партиясының комитетінде жүк тасымалдау мәселесі талқыланды
Қостанайда «АMANAТ» партиясы жанындағы Көлік және логистика комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда темір жол және жүк тасымалындағы түйткілді мәселелер талқыланды.
Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Самат Ақышев Қостанай облысындағы жүк тасымалдаушы компания өкілдерінің арыз-шағымдарын тыңдады.
Логистикалық компания өкілі Олеся Шаравинаның айтуынша, былтырдан бастап кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіретін көптеген шектеу пайда болды.
«Тиісті мекемелер дер кезінде оңтайлы шешім қабылдамай отыр. Жүк вагондары жетпегендіктен тасымалдаушыдан тауар алушыға дейін барлығы зардап шегіп отыр. Кейбір тауарлар межелі жерге жеткенше бұзылып кетеді. Өйткені жүк тиелген вагон ұзақ уақыт қаңтарылып тұрып қалады. Соның салдарынан талай кәсіпкер зардап шегуде», - дейді ол.
Тасымалдаушыларды толғандырған тағы бір мәселе – шет елге тауар тасымалдауға рұқсат қағаздың аз берілуі.