«Иығынан атқан»: Қызылордада атыс болды

«Иығынан атқан»: Қызылордада атыс болды

«Иығынан атқан»: Қызылордада атыс болды
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласында жергілікті көңіл көтеру мекемелерінің бірінде келген қонақтар арасында келіспеушілік туындап, оның соңы атыспен аяқталған деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы лаундж-барлардың бірінде 10 қаңтар сағат 01:30-да қаланың екі тұрғыны арасында жанжал шыққан. Осылайша, кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, ол үйіне жіберілген. ПД мәліметінше, кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.