Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарының бірі жұмысын тоқтатты

Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарының бірі жұмысын тоқтатты

Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарының бірі жұмысын тоқтатты
ашық дереккөзі
Атырау мұнай өңдеу зауытының жанар-жағармай шығаратын негізгі желісі жұмысын тоқтатты деп хабарлады tukystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.  Басты себеп, кәсіпорында өндірілген сұйылтылған газды өзге өңірлерге тасымалдауда кідіріс пайда болған. Соның салдарынан қоймада бос орын жоқ. Қазір газ сақтау паркінде 800 тонна өнім жиналып тұр. Парктің сыйымдылығы – 810 тонна. Сол себепті мұнай өңдеу зауыты 10 қаңтардан бастап каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын амалсыз шектеп отыр. Бірқатар технологиялық қондырғының тоқтауы зауыт өндіретін басқа өнімдердің шығуына да қолбайлау болып тұр. Атап айтқанда, сұйылтылған көмірсутегі газы тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін, автобензин 6 000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін, ал дизельді отын тәулігіне 4 000 тоннадан 2 000 тоннаға дейін азайды.
Басты мәселе - өндірілген өнімнің уақтылы тасымалданбауында. Бізден сұйылтылған газ алатын өңірлер оны автокөлікпен тасымалдайды. Ол өнімсіз. Сондықтан вагон-цистерналармен тасымалды қолға алу керек. Бірақ оның тарифі қымбат. Темір жол шығыны газдың бағасына қосылады. Оған ешкім келіспейді. Сол себепті өндірісті тоқтатуға тура келді, - деді «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры  Мұрат Досмұратов.