Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 14 ақпанға дейін уақыт берді. Ол осы уақыт аралығында жекпе-жек өткізуі тиіс. Әйтпесе, GGG чемпиондық белбеуінен айырылады. Маңызды айқас алдында отандасымызға қарсылас болуы мүмкін боксшылар белгілі болды, – деп хабарлады turkystan.kz.

IBF рейтингінде екінші орында тұрған, WBA Oceania құрлықаралық белбеуінің иесі, аустралиялық Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) қазақстандық боксшымен шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізді.

Ол GGG-дың алдында үш таңдау тұрғанын айтты. Біріншісі, WBA тұрақты чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездесу. Екіншісі, Фалькаомен IBF титулын қорғау. Үшінші әрі ең тиімді нұсқа – Зерафамен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин кейінгі кездесуін мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы өткізіп, есе жіберген болатын.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button