Ауғанстандағы СІМ ғимаратындағы жарылыстан 21 адам қаза тапты

Ауғанстан СІМ ғимаратында жарылыс болып, 21 адам қаза тапты, – деп хабарлады turkystan.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің көпшілігі – Сыртқы істер министрлігінде және елдің Уақытша үкіметінің мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істейтіндер.
Порталдың жазуынша, қаза тапқандардың арасында «Талибан» қозғалысының үш мүшесі бар (БҰҰ-ның террористік әрекеті үшін санкцияланған).
Бұған дейін Al Jazeera телеарнасы Талибан Үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, жеті адамның қаза тауып, он адамның зардап шеккені туралы хабарлады. Сондай-ақ жарылыс орнында оқ атылғаны айтылды.
Кейінірек жарылысты СІМ ғимаратына кіруге әрекет еткен террорист жасағаны белгілі болды. Оны күзетшілер уақытында көріп, тоқтатқанына қарамастан, ол өз ойын іске асырып үлгерген.