Ауғанстандағы СІМ ғимаратындағы жарылыстан 21 адам қаза тапты

11 қаңтар, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Ауғанстандағы СІМ ғимаратындағы жарылыстан 21 адам қаза тапты Ауғанстан СІМ ғимаратында жарылыс болып, 21 адам қаза тапты, - деп хабарлады turkystan.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап. Зардап шеккендердің көпшілігі - Сыртқы істер министрлігінде және елдің Уақытша үкіметінің мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істейтіндер. Порталдың жазуынша, қаза тапқандардың арасында «Талибан» қозғалысының үш мүшесі бар (БҰҰ-ның террористік әрекеті үшін санкцияланған). Бұған дейін Al Jazeera телеарнасы Талибан Үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, жеті адамның қаза тауып, он адамның зардап шеккені туралы хабарлады. Сондай-ақ жарылыс орнында оқ атылғаны айтылды. Кейінірек жарылысты СІМ ғимаратына кіруге әрекет еткен террорист жасағаны белгілі болды. Оны күзетшілер уақытында көріп, тоқтатқанына қарамастан, ол өз ойын іске асырып үлгерген.