Қарағандыдағы 150-ге жуық елді мекенді су басуы мүмкін
Қарағандыдағы 150-ге жуық елді мекенді су басуы мүмкін

Қарағанды облысында елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін 14 км қорғаныс бөгеттері мен қорғандар тұрғызылып, нығайтылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өңірде өзен арналарына санация жүргізілді, су бұру арналары салынды және жөнделді. Ауылдар мен кенттерде қосымша жергілікті хабарлау жүйелері орнатылды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтің төрағалығымен өткен отырыста су тасқынына дайындық барысы талқыланды.
Облыс Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов қар жамылғысының космомониторингі қызметтеріне және облыс өзендерінде жарылыс жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалатынын хабарлады. 1 наурыздан бастап су өткізгіш құбырлар мен көпірлерді тазалау жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Қаңтар айында өзендердің жоғары жақтарының қаншалықты қар басқанын анықтау үшін аралау басталады. Сонымен қатар су тасқыны қаупі бар барлық елді мекен тексеріледі. Қазіргі таңда олардың саны – 149. Наурыз айында су тасқынына қарсы облыстық штаб жұмыс істей бастайды.