Cібір елігін атып алған күдіктілер ұсталды

Cібір елігін атып алған күдіктілер ұсталды

Cібір елігін атып алған күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында сібір елігін заңсыз атты деген күдікпен Петропавлдың екі тұрғыны ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, қару, оқ-дәрі, жануарлардың еті тәркіленді, - деп хабарлады turkystan.kz. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Соколовка поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейд барысында Mitsubishi Montero жол талғамайтын көлігін тоқтатқан. Көлікте Петропавлдың 41 және 38 жастағы екі тұрғыны болған. Полиция қызметкерлері тексеру барысында машинаның артқы есігіне жұққан қанды байқаған. Нәтижесінде салоннан арнайы қапшыққа салынған 12-калибрлі «АТА-ARMS» тегіс ұңғылы қару мен жануарлардың еті салынған сөмке табылды. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамдар аң аулауға шыққаны, оларда бір қоянды атуға ғана арналған рұқсат қағазы бары белгілі болды. «Шақыру бойынша келген жедел-тергеу тобы 3 сібір елігінің заңсыз атылған жерін анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару, оқ-дәрі, жануарлардың еті тәркіленді», - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов. Айта кетсек, облыста өткен жылы заңсыз аң аулаудың 19 фактісі тіркелді.