Жаңалықтар

Азиалық қауымдастық Астанадағы өңірлік хабпен әріптестігін нығайтуда

ашық дереккөзі

Азиалық қауымдастық Астанадағы өңірлік хабпен әріптестігін нығайтуда

Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов Мемлекеттік басқару саласындағы Азиялық қауымдастық (AAPA) президенті, Йонсей университеті профессоры Пан Сук Киммен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды әрі қарай дамыту, оның ішінде Өңірлік хабпен 13-14 сәуірдегі ААРА халықаралық конференциясын биыл Астанада өткізу бойынша дайындық мәселелерін талқылады. Жиын барысында Азия елдерінің жетекші ғалымдары мен практиктері мемлекеттік қызмет дамуының өзекті мәселелерін, жаңа сынақтар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қарастырады. Конференцияда сонымен бірге «Паназиялық диалог: тиімді басқару мен Тұрақты Даму Мақсаттары» атты жоғарғы деңгейдегі сессия өтеді. Пан Сук Ким кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіре отырып, Өңірлік хабтың мемлекеттік қызметті дамытудағы қызметінің маңызына тоқталды. «Хабтың негізгі мандаты - мемлекеттік қызмет жүйесін аймақта ғана емес, әлемнің басқа жерлерінде де ілгерілету. Сондықтан Хаб мемлекеттік басқару саласында сарапшылар желісін құру, зерттеулер мен жақсы тәжірибелерді ілгерілету бойынша орасан зор жұмыс атқаруда», - деді Пан Сук Ким. Кездесуде сонымен бірге Хаб пен мемлекеттік басқару саласындағы Азиялық ұйымның ынтымақтастығының негізгі бағыттары, оның ішінде бірлескен оқыту іс-шаралары, зерттеулер мен ғылыми жарияланымдар әзірлеу мәселесі айқындалды. Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб - аймақтағы мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасудың институционалды алаңы. Қазіргі таңда Хабтың қатысушы-елдері қатарында 36 мемлекет, оның ішінде Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және AСEAН елдері бар.