Атырау мұнай өңдеу зауыты өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды

Атырау мұнай өңдеу зауыты өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды

Атырау мұнай өңдеу зауыты өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды
ашық дереккөзі
Атырау мұнай өңдеу зауытының жанар-жағармай шығаратын негізгі желісі жұмысын тоқтатты. Оған себеп, кәсіпорында өндірілген сұйылтылған газды өзге өңірлерге тасымалдауда кідіріс пайда болған. Cалдарынан қоймада бос орын жоқ деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Арнаның хабарлауынша, қазір газ сақтау паркінде 800 тонна өнім жиналып тұр. Парктің сыйымдылығы – 810 тонна ғана. Сол себепті мұнай өңдеу зауыты 10 қаңтардан бастап каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын амалсыз шектеп отыр. Бірқатар технологиялық қондырғының тоқтауы зауыт өндіретін басқа өнімдердің шығуына да қолбайлау болып тұр. Атап айтқанда, сұйылтылған көмірсутегі газы тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін, автобензин 6000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін, ал дизельді отын тәулігіне 4 000 тоннадан 2 000 тоннаға дейін азайды.
«Басты мәселе -  өндірілген өнімнің уақтылы тасымалданбауында. Бізден сұйылтылған газ алатын өңірлер оны автокөлікпен тасымалдайды. Ол өнімсіз. Сондықтан вагон-цистерналармен тасымалды қолға алу керек. Бірақ оның тарифі қымбат. Темір жол шығыны газдың бағасына қосылады. Оған ешкім келіспейді. Сол себепті өндірісті тоқтатуға тура келді», - делінген «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов.