Жаңалықтар

Депутат сауалы: Кенесарының сүйегін Ұлттық пантеонда жерлеу керек

ашық дереккөзі

Депутат сауалы: Кенесарының сүйегін Ұлттық пантеонда жерлеу керек

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Үкімет басшысынан Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтаруға қолдау көрсетуді сұрады деп хабаралады turkystan.kz.

Оның айтуынша, қазір Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығы Мәскеудегі этнографиялық музейде жатқанын айтты.

«2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бассүйек Кенесары ханның бассүйегі сәйкестік 90%-дан жоғары екені анықталды», - деді Смағұл Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда, мәжілісмен биыл Кенесары ханның туғанына 220 жыл толатынын еске салды.

Кейін Үкімет басшысынан көмектесуін сұрап, ханның сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынды.

«Құрметті, Әлихан Асханұлы, Кенесары ханның туғанына 220 жыл және Ұлы ханымыз бастаған көтеріліске 185 жыл толады. Мұның ұлттық тарихтағы маңызды орнын ескере отырып, сонымен қатар Әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын», - деді депутат.