Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков Өзбекстанға көшеді

Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков Өзбекстанға көшеді

Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков Өзбекстанға көшеді
ашық дереккөзі

Ресейлік театр және кино актері Сергей Безруков С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының Ташкенттегі филиалында сабақ береді деп хабарлады turkystan.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков қыркүйек айында БМКИ-дің Ташкент филиалында актерлік шеберхана ашып, актерлік шеберліктен сабақ береді. Ол теориялық сабақтарды онлайн, ал практикалық сабақтарды Ташкентте жеке өткізеді", - деді филиал директоры Эльдор Юлдашев.
Сонымен қатар, Юлдашевтің айтуынша, филиалда Білім беру театры да ашылады. Сергей Безруков та осы жобаға қатысады. Жаңа оқу жылынан бастап БМКИ-дің  Ташкент филиалында "киносыншы" және "кинотану" білім беру бағыттары пайда болады.