Жаңалықтар

«Таканакуй» дәстүрі: перуліктер татуласу үшін жұдырыққа жүгінеді

ашық дереккөзі

«Таканакуй» дәстүрі: перуліктер татуласу үшін жұдырыққа жүгінеді

Перудің Чумбивилкас провинциясындағы Куско аймағында рождестволық көне дәстүр қалыптасқан. Бұл «Таканакуй фестивалі» деп аталады. Бір қызығы, осы дәстүр бойынша бір-біріне өкпелеп жүрген, біреуде кегі немесе реніші бар адамдар арадағы келіспеушілікті сотқа жүгінбей, ережесіз жекпе-жек арқылы шешеді.  Дәстүрге сай жұрт жиналып, ортаға шыққан екі адамның жұдырықтасқанын тамашалайды. Алаңда судья міндетті түрде жүреді. Мықтысы жеңбейінше жекпе-жекті тоқтатпайды. Қарсыластар бір-бірін аяусыз соққыға жықса да, жекпе-жек аяқталған соң қол алысып, қос тарап татуласады. Төбелес алдында адамдар түрлі-түсті ұлттық костюм және қарсыласынан бет-жүзін жасыру үшін балаклава киіп шығады. Дегенмен алаңға шыққандар кімге қарсылас болатынын алдын ала біледі.