Олжас Сүлейменов: "Астана келіссөзі - тарихи оқиға"

Олжас Сүлейменов: "Астана келіссөзі - тарихи оқиға"

Олжас Сүлейменов: "Астана келіссөзі - тарихи оқиға"
ашық дереккөзі
«Астана процесі Сирия мәселесін шешуге айтарлықтай үлес қосып, аймақта бейбітшілік туының желбіреуіне себеп болады. Бұл Қазақстан үшін тарихи оқиға», -дейді қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов. 24.kz арнасына берген сұхбатында Сүлейменов Астана процесінің тараптар үшін маңыздылығына тоқталып, ғаламдық деңгейдегі келіссөздің елордада ұйымдастырылуын тарихи жетістік деп атап өтті. «Астананың осындай салмақты, әлемдік қауіпсіздікке қатысты келіссөз ордасы ретінде таңдап алынуы тегін емес. Себебі Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты бейбітшілікке үндейді. Аймақтық қауіпсіздік мәселесіне қатысты арағайындық танытып отырған Астананың осы келіссөзден кейін танымалдығы артып, беделі көтеріледі», - дейді қоғам қайраткері. Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері: - Бұл процестің өтуінің өзі үлкен жеңіс, себебі түрлі топтардың бір үстелдің басына жиналып, келіссөз жүргізуге келіскені үлкен үмітке жетелейді. Осында бас қосатындар бір шешімге келеді деген сенімдемін. Бұл процесте әр тараптың мүддесі ескеріледі деген үміт басым. Естеріңізге сала кетейік, Астанак келіссөзі қаңтардың 23-нде басталмақ. Оған әлемнің ірі мемлекеттерімен қатар Сирия қарулы топтары да қатысуға ниет білдіріп отыр.