ҚазҰПУ-да білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды

ҚазҰПУ-да білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды

ҚазҰПУ-да білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі
Педагогикалық білімді әрі қарай ілгерілету мақсатында Абай университеті біршама жаңашылдықтарды жүзеге асыруда. 9 қаңтарда университетте оқытушыларға арналған қысқы мектеп апталығының ашылу салтанаты өтті. Оған институт директорлары мен кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Қысқы мектеп жұмысы Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамасымен Бүкіләлемдік банк қолдауымен әзірленіп жатқан жаңа педагогикалық білім бағдарламаларын пысықтауға бағытталған. Іс-шараның мақсаты - академиялық саясат пен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті дамыту, сондай-ақ жаңа Қазақстанның талаптарына жауап бере алатын педагогтердің әлеуетін қалыптастыру. Қысқы мектеп аясында мұғалімдер оқушыларды оқыту кезінде заманауи технологияларды, жаңа әдістерді үйренуге және қолдануға мүмкіндік алады.  width= Қысқы мектеп сессиясын аша отырып, Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов бұл кездесудің ерекше маңызы бар екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Білім беруді дамытудың негізгі қағидаттарының қатарында орта білім мен жоғары білім беру жүйесінде саналы және жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру, жаңа формациядағы педагогтерді даярлау және педагогикалық білім беруді жаңғырту көзделген. Бұрынғыдай  бірлесе отырып алға қойылған міндеттерді кеңінен талқылап, жүзеге асыратын боламыз. Университет жаңа ұрпаққа беретін қажетті білім мен тәжірибені енгіземіз, сонымен қатар жоғары сапалы педагогикалық капиталды қалыптастыру мәселелерін қарастырамыз», - деді ол.
 width= Жиын барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасованың қазіргі қоғамның талаптарына жауап беретін педагогтер мен педагогикалық білім беру жобалары бойынша баяндамасы тыңдалды. Онда оқу процесін оңтайландыру, жетілдіру және цифрландыру мәселелері қаралды.  width= Ал Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байділдина қысқы мектеп сессиясының жұмысында қарастырылатын мәселелер ғылыми аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, қолдауына ие болғанын айтты. Ол атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, университеттің профессор-оқытушылар құрамы «Univer» жүйесімен жүйелі жұмыс жүргізуі, білім алушылармен кері байланыс орнатуы, сондай-ақ алда өтетін іс-шаралардың толық орындалуы маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, іс-шара 13 қаңтарға дейін жалғасады.