Жаңалықтар

ҚазҰПУ-да білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды

ашық дереккөзі

ҚазҰПУ-да білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды

Педагогикалық білімді әрі қарай ілгерілету мақсатында Абай университеті біршама жаңашылдықтарды жүзеге асыруда. 9 қаңтарда университетте оқытушыларға арналған қысқы мектеп апталығының ашылу салтанаты өтті. Оған институт директорлары мен кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Қысқы мектеп жұмысы Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамасымен Бүкіләлемдік банк қолдауымен әзірленіп жатқан жаңа педагогикалық білім бағдарламаларын пысықтауға бағытталған. Іс-шараның мақсаты - академиялық саясат пен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті дамыту, сондай-ақ жаңа Қазақстанның талаптарына жауап бере алатын педагогтердің әлеуетін қалыптастыру. Қысқы мектеп аясында мұғалімдер оқушыларды оқыту кезінде заманауи технологияларды, жаңа әдістерді үйренуге және қолдануға мүмкіндік алады. Жиын барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасованың қазіргі қоғамның талаптарына жауап беретін педагогтер мен педагогикалық білім беру жобалары бойынша баяндамасы тыңдалды. Онда оқу процесін оңтайландыру, жетілдіру және цифрландыру мәселелері қаралды.