Жолаушылардың жағдайын кім ойлайды? – Сенатор

Жолаушылардың жағдайын кім ойлайды? – Сенатор

Жолаушылардың жағдайын кім ойлайды? – Сенатор
ашық дереккөзі
Елімізде әуе рейстерінің кешігіп келуіне және ұшуына байланысты мәселені сенатор Нұртөре Жүсіп көтерді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. Сенатор бүгін жарияланған БАҚ-тағы ақпарат негізінде ұшақтардың кешігуін сынап, Әділетті Қазақстанды құру жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің уақтылы қозғалуынан басталатынын ескертті.
«Ұшақтардың кешігуі «нормаға» айналды! Бүгін сағат 10-дағы мәлімет бойынша 14 рейс ұшып келе алмай, 9 рейс ұшып кете алмай отыр екен. Себеп -  «әуе кемесінің кеш келуі». Әуе кемесі сонда қайдан кешігіп келеді? Барлық ұшақ шет елге кетіп қала ма? Сонша сағат кешігу «қардан тазалау» ісіне кете ме? Жолаушылар жағдайын кім ойлайды? Мына жауаптан мардымды түсінік алу қиын екен. Әділетті Қазақстан құру қарапайым нәрседен – ұшақтың уақтылы ұшуы мен пойыздың дер кезінде қозғалуынан басталса дейсің» деп жазды Нұртөре Жүсіп.
Айта кету керек, бүгін ғана Астана әуежайында 14 рейстің кешігетіні туралы ақпарат шыққан болатын.