«Жылап мазамды алды»: Жетісу облысындағы сәби өлімі туралы тың дерек
«Жылап мазамды алды»: Жетісу облысындағы сәби өлімі туралы тың дерек
Жаркент қаласында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады деп хабарлады turkystan.kz Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 10 қаңтар күні болған. Бірінші сынып оқушысы 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды.
«Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді», - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.