Түркістанда 2 науқас орталықтардың бірінде өздеріне қол салған
Түркістанда 2 науқас орталықтардың бірінде өздеріне қол салған
Түркістан қаласындағы 1-арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі науқас бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсап, асылып өлді. Бұл туралы Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Басқарма мәліметінше, екі науқасқа да «шизофрения» диагнозы қойылған. Екеуі де 2-топ мүгедегі. Бірі – 60 жаста, екіншісі – 46 жаста. Екеуі де асылып қайтыс болған.
Екі адам да диагнозына сәйкес суицидке бейім. 60 жастағы азаматтың артынан 16 жылдан бері туыстары іздеп келмеген. Ал 46 жастағы азамат туыстарымен көрісіп тұрған, – делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға туралы туған-туыстары мен құқық қорғау органдарына хабар берілген.
Полиция бұл туралы әзірге ақпарат бермеді.