БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Астана келіссөзін қолдады
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Астана келіссөзін қолдады
БҰҰ Сириядағы жағдайға байланысты Астана процесін қолдайды. Бұл жөнінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді.
Бүкіләлемдік Ұйымның атынан Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура келеді. Бұл шешімді ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш қабылдады және Астана процесіне үлкен сенім артатынын жеткізді. Ал Нью-Йорк қаласындағы арнамыздың тілшісіне БҰҰ Бас хатшысы арнайы өкілінің орынбасары Фархан Хак мынадай мәлімет берді.
Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысы баспасөз хатшысының орынбасары:
- БҰҰ Сириядағы жағдайға байланысты барлық келіссөздерді қолдайды. Оның ішінде Астанада өтетін басқосудың да маңызы зор. Ол жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз және БҰҰ арнайы өкілі Стаффан де Мистура басшылығымен баратын делегация оған елеулі үлес қосады деп ойлаймын. БҰҰ бастамасымен 8 ақпанда Женева қаласында келіссөздер өтетіні белгілі. Міне, Астанадағы кездесу оның сәтті өтуіне септігін тигізеді деген үміттеміз.