Қар көшкіні жүруі мүмкін
Қар көшкіні жүруі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды, - деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін.
«Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғарғы Тайынты мен Самар ауылының аралығы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.