Qazkom «Халық банкімен» алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Казкоммерцбанк» АҚ және Кеңес Рақышев «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен ККБ мен Халық банкінің арасындағы алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр, келіссөз алғашқы кезеңде», – деп хабарлады Qazkom баспасөз қызметі.
Qazkom өкілдері ендігі мәліметтің қажет болған жағдайда сәйкес мерзімде хабарланатынын айтып отыр.
Еске салайық, осыған дейін осыған дейін БАҚ-тар өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазақстандық екі ірі банктің бірігетінін хабарлаған болатын. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин Qazkom-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті «Халық банкінен» алмағанын хабарлаған еді.
«Халық банкі» АҚ-мен бірігеді деген БАҚ-тарда пайда таралған қауесеттерге байланысты «Казкоммерцбанк» АҚ хабарлайды: ККБ бірігу туралы ешқандай да ұсыныс жасаған жоқ және «Халықтан» ұсыныс алған жоқ және екі банктің арасында қандай да бір бірігу туралы келіссөздер жүргізген жоқ», – деген еді Чикин.