Жаңалықтар

Қысқы демалыстан оралған екібастұздық оқушылар оқуға жаңа күшпен кірісті

ашық дереккөзі

Қысқы демалыстан оралған екібастұздық оқушылар оқуға жаңа күшпен кірісті

«AMANAT» партиясының қолдауымен 3-9 қаңтар аралығында қысқы демалыстарын көңілді өткізген Екібастұз қаласының оқушылары жаңа оқу тоқсанына жаңа күш, жаңа леппен кірісті деп хабарлады turkystan.kz.

Жол шығыны, тағаммен қамтылуы қарастырылды. Қыс қызығын тамашалаған оқушылар шаңғы, коньки теуіп, салауатты өмір салтын ұстанып, қысқы спорт түрлерімен шұғылданды. Орманға саяхаттап, мәдени, көпшілік шараларға белсенді қатысты.

 

Шат-шадыман қуанышқа кенелген оқушылар мен оларың ата-аналары аталған іс-шараны ұйымдастырып, ойдағыдай жүзеге асырған «AMANAT» партиясына алғыс білдірді. Қашан да қолұшын созып, көмекке келуге әзір тұратын партиямыздың бұндай ізгі үрдістерге араласуы – қалыптасқан дәстүріміз.