Қысқы демалыстан оралған екібастұздық оқушылар оқуға жаңа күшпен кірісті

Қысқы демалыстан оралған екібастұздық оқушылар оқуға жаңа күшпен кірісті

Қысқы демалыстан оралған екібастұздық оқушылар оқуға жаңа күшпен кірісті
ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының қолдауымен 3-9 қаңтар аралығында қысқы демалыстарын көңілді өткізген Екібастұз қаласының оқушылары жаңа оқу тоқсанына жаңа күш, жаңа леппен кірісті деп хабарлады turkystan.kz.

 width= Төтенше жағдайдан кейін сол отбасылардағы балаларды лагерьлерге жіберу туралы партияның бастамасына Атырау облыстық филилал да үн қосып, кәсіпкерлердің көмегімен 57 бала «Сұңқар» демалыс орнына аттанған еді. Балалардың алаңсыз демалысы, қауіпсіздігі үшін арнайы 6 адам бөлініп, бірге жүрді.

 width= Жол шығыны, тағаммен қамтылуы қарастырылды. Қыс қызығын тамашалаған оқушылар шаңғы, коньки теуіп, салауатты өмір салтын ұстанып, қысқы спорт түрлерімен шұғылданды. Орманға саяхаттап, мәдени, көпшілік шараларға белсенді қатысты.

 

Шат-шадыман қуанышқа кенелген оқушылар мен оларың ата-аналары аталған іс-шараны ұйымдастырып, ойдағыдай жүзеге асырған «AMANAT» партиясына алғыс білдірді. Қашан да қолұшын созып, көмекке келуге әзір тұратын партиямыздың бұндай ізгі үрдістерге араласуы – қалыптасқан дәстүріміз.